Әнші Мадина Сәдуақасова көпшілікті қызықтырып қойды
Қазақстанның танымал жұлдызы Мадина Сәдуақасова жаңа жылдан кейін отбасымен бірге Тайландқа демалысқа кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фото: sadvakasovamadina/Instagram
Өнер иесі 2024 жылдың алғашқы күндерін ыстық мекенде өткізуді жөн көрген. Әнші желідегі парақшасында демалыстағы ең әсерлі сәттерін бөлісіп жатыр.
«Бұл қонақ үйдің басты ерекшелегі - айналасы көп километрге созылған бассейн. Бассейннің ортасында судың үстінде неше түрлі барлар бар. Сосын күнде сағат үште қайықпен жүріп, кокостар таратады», - деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Желі қолданушылары әншіге жақсы демалыс тілеп, тілек білдіріп жатыр.
«Бізге де бару бұйырсын», «Қазақтардың бәрі Тайландта жүр ғой», «Керемет», «Өте әдемісіз», - деп жазып жатыр әншінің оқырмандары.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0