понедельник, 13 мая 2024 г.
icon
439.4
icon
473.54
icon
4.76
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
25oC
1xadv
×

Индира Расылхан алғаш рет балалары туралы айтты

Танымал әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет балалары туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото: Instagram/@indirarasylkhan
Фото: Instagram/@indirarasylkhan

Өнер иесінің екі қызы бар.

«Алланың сынағына шүкірлік айтып, бір қызымды жоғалтқаннан кейінгі Алланың берген сыйы ғой екі қыз. Көп нәрсе айтқым-ақ келіп тұр. Мені танығанымен де, менің бала-шағамды танымайсыздар ғой. Жақынырақ таныстыра кетейін. Бірінші туылған — Айдина. Дарина жайлы үйде бәріміз Дадош дейміз. ...Қос қарлығашым! Қос қанатым! Қос шынарым! Қос қолқанатым! Алланың сендердей алтындай қыз бергеніне мың шүкірлік айтамын. Мен сендерге разымын, жандарым сол! Алла екі дүние бақытын тең етіп сыйласын», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары оның отбасына бақыт тіледі.

«Бақытты болсын. Әр ананың тілегі осы ғой», «Жаңа жасы құтты болсын!!! Барлық жақсылықты тілеймін», «Бағы жанған қыздар болсын», — дейді олар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0