Қазақ тілін меңгеріп, домбырада ойнауды үйренген латынамерикалық қыз Димаш Құдайбергеннің «Дайдидау» әнін шырқап жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Андреа Құдайберген – Димаш Құдайбергеннің Чилиден келген тыңдарманы.
Блогер Иван Червинскийдің айтуынша, оның «Алға Қазақстан» деп аталатын арнасында 2020 жылы жарты миллиардтан астам қаралым жиналған.
Oның оқырмандарының жартысына жуығы Латын Америкасынан.
Андреа Құдайберген Димаштың ғана емес, тұтас Қазақстанның, қазақтың мәдениеті мен музыкасының табынушысы.
Димаш Құдайбергеннің әндерін Аргентина, Колумбия, Чили елдерінен көптеген вокалистер орындайды.
«Бұл қазаққа тән феномен. Ал Андреа жарады! Оның Қазақстанға деген махаббаты таңдандырмай қоймайды. Жарайсың, айналайын! Алға Андреа! Алға Қазақстан», — деп жазды блогер.