понедельник, 17 июня 2024 г.
icon
450.79
icon
482.21
icon
5.05
Алматы:
icon
29oC
Астана:
icon
27oC
1xadv
×

«Үш жыл бойы Құдайдан махаббат сұрадым»: Баян Мақсатқызы қазіргі күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Продюсер Баян Мақсатқызы «Без мишуры» YouTube арнасында қазіргі жолдасы Тұрсын Алагөзовпен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Баян Мақсатқызы күйеуінің үйде болмайтынын, сол кезде үш жыл аралығында Құдайдан махаббат сұрағанын айтады.

«Үйдегі балконға түнде жиі шығатынмын. Бұрынғы күйеуім түнде үйде болмайтын. Балконға шығып, аспанға қарап, үш жыл бойы Құдайдан махаббат сұрадым. Құдай, маған махаббат берші, менің сүйгім келеді, махаббатты сезінгім келеді деп айттым. Бұлай өмір сүргім келмейді. Махаббатсыз мен өлемін», — деді Баян Мақсатқызы.

Баян Мақсатқызы өзінің махаббатының бәрін жұмыс пен балаларға беруден шаршағанын айтып еске алды.

«Махаббатымның бәрін жұмыс пен балаларға беруден шаршадым» деп айтатынмын. Құдай маған махаббатымды жібергенде, тағы да балконға шығып, «осы ситуацияға рұқсат берші» деп сұрадым. Құдай тілегімді орындады. Неге бұлай сұрадым? Себебі мен әйелі бар адамға дым болмағандай, «бәрін таста, екеуміз бақытты боламыз» деп айта алмадым. Тұрсыннан «отбасыңды не істейсің?» деп те сұрамадым. Себебі бұл этикаға жатпайды. Ол еркек, барлық шешімді өзі қабылдау керек деп ойладым. Одан «әйеліңмен ажырас, солай істеуге тиіссің» деп те айтпадым», — деді өнер иесі.

Продюсер күйеуінің ересек адам болғандықтан бұл оның шешімі екенін баса айтты.

Еске салайық, бұған дейін Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын және қандай қиындықтарды басынан өткізгені туралы жаздық.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 11
Забавно 2
Сочувствую 3
Возмутительно 15