четверг, 21 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
-0oC
×

Гүлзира Айдарбекова: «Көп жұмсалған келін, әр нәрсенің қадірін біледі»

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы, үш келіннің енесі Гүлзира Айдарбекова жеке өмірі жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/kair_n
Фото: instagram.com/kair_n

Сұхбатында ол келіндерімен қарым-қатынасы жайлы, кеткен кемшіліктер жайлы айтып, арманы туралы бөлісті. Оның айтуынша, келіндерге барлық жағдайды жасап қойсаң, қадірін білмей кетеді.

«Ауылдағы келіндерді қарасаң, таң атпай тұрады, отынға дейін жарады. Ата-енесінің суын, шайын дайындап жатады ғой. Ал біз, ұйықтап алсыншы, жата тұрсыншы, кешке қыдырса барып келсінші деп тұрамыз. Көп жұмсалған келін – әр нәрсенің қадірін біледі. Жұмсамай жағдай жасай беріп, сен оны аяғаныңмен ол сені аямайды. Көзім жеткені сол.

Қиналмасын деп, әрбір келінге көмекші аламыз, алғысы келгенін алып, жетпей жатқанын жеткіземіз. Бала-шаға, немерелердің киімдерін де бірден аламыз. Сол негізі дұрыс емес екен. Қиналғанның не екенін, ештеңенің қадірін білмейді. Қадірін білдірткен дұрыс, бірақ, оған жүрегім шыдамайды.

Санасына берсін, ата-енеміз барын жасап жатыр, жасаған жақсылығына лайық болайық десе жақсы. Оны көбінесе аналары айту керек қой», — деді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар, продюсер бала кезінен қызды болғанын қалап, келіндер қызыңдай болмайтынын айтты.

«Менде қыз бала болған жоқ, сіңілім болған жоқ. Үйде жетінші баламын. Менің алдымда ең үлкен екі әпкем, содан кейін төрт ұл, одан кейін мен, менен кейін бір інім бар. Әпкелерім оқуда болды, мен ұлдардың ортасында өстім. Сіңілімнің болғанын қаладым. Менің де сіңілім болса ғой деп жылайтынмын. Кейіннен қыз армандадым. Келіндерім түскенде қызым сияқты болса ғой деп армайдадым. Барлық жұмысымды игеріп кетсе, оған тапсырып, демалып жүрсем деп... дастарханымды жасап, қонағымды күтіп жатса деп ойлайтынмын. Негізі қызың болса, анасына жаны ашып, алып жүреді өзімен, барлық жағдайын жасайды ғой. Бәрібір келін қызыңдай болмайтынына менің көзім жетті», — дейді үш келіннің енесі.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0