суббота, 30 ноября 2024 г.
icon
513
icon
541.16
icon
4.69
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-12oC
×

«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты конференция өтті

Облыстық ассамблея хатшылығының, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны институттың тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.Мархабатқызы жүргізіп отырды.

Конференция барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов кіріспе сөз сөйлеп, М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Маймақов «Қазақстан халқы Ассамблеясының белестері» тақырыбында арнайы  баяндама жасады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл миссиясын лайықты деңгейде атқарып та келеді. Оның бірден бір айғағы осындай қазақстандық үлгідегі институттың керектігін әлемнің көптеген елдерінде мойындалуында болып отыр. Нақтыласақ, Назарбаев айқындаған қоғамдық келісімнің қазақ­стандық үлгісін зерттеу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясына әлемнің 15 мемлекетінен, атап айтқанда, Болгария, Ұлы­британия, Германия, Франция, Испания, Италия, Қытай, Малайзия, АҚШ, Ресей, Түркия, Украина және Армения елдерінен шетелдік сарапшылар мен ғалымдар, дипломаттар, журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері 60-тан астам өтініш білдіріпті. Түрлі деңгейдегі кездесулер барысында елімізге келген мәртебелі меймандар қазақстандық үлгіні мойындап қана қоймай, толеранттылықтың ең таңдаулы үлгісі ретінде зерттеп, зерделеуге және оны өз елдерінде қолданысқа енгізуге ынталы екендерін де айтып жатады» деді ол.

Кезекті сөзге педагогикалық институттың аға оқытушысы Б.Айтай, «Қазақстан халқы Ассамблеясы дамудың жаңа сатысында», аға оқытушы Т.Руяткина «Южно-Казахстанский славянский центр и Ассамблея народа Казахстана», магистр-оқытушы А.Қылышбаев «Қазақстанның мемлекеттік этносаясаты», магистр-оқытушы Г.Насруллаева «Қазақстандағы діни төзімділік мәселесі» тақырыптарында хабарламалар жасады.

Конференция барысында еліміздің соңғы 20 жыл ішінде этносаралық саясаттағы қол жеткізген жетістіктері кеңінен сөз болды.

Конференция жұмысы тиісті деңгейде өткізілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0