пятница, 29 ноября 2024 г.
icon
513
icon
541.16
icon
4.69
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-11oC
×

Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты

«Ассамблея «Мәңгілік Ел» мен Ел бірлігі саясатын насихаттау тұрғысынан да ерекшеленіп отыр» дейді Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының прокуроры Х.Анарметов.

Оның мәлімдеуінше, Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді.

«Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұратымыз» дейді ол.

Қаратау ауданының прокуроры Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын екенін атап өтті. Оның мәлімдеуінше, бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. «Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» дейді Х.Анарметов.

Қаратау ауданының прокуроры Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербейтінін, ел мен тілдің егіз ұғым екенін атап өтті. Оның мәлімдеуінше, «Мәңгілік» сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. «Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді», ― деді Х.Анарметов.

Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерге тоқтала келіп, «енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп ой түйген болатын. Қаратау ауданының прокуроры осыған орай өз пікірін білдірді. 

«Бір сөзбен айтқанда, сонау жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Ендеше еліміздің тұрақтылығы мен татулығына, бейбітшілігі мен бірлігіне қызмет ететін Ассамблея сияқты айрықша институтқа бір жылымызды арнау құптарлық қана емес, қуанарлық та іс. Тіпті бұл жыл дәл осы тұрғыдан алғанда тарихи жылға айналуы да әбден кәдік. Өйткені, қанша дегенмен табыстың, тұтастықтың кілті - бірлікте. Сондықтан да, Ассамблея жылының - Ел бірлігі жылы ретінде есте қалатындай өткізуге жұмыла алсақ игі», ― деп атап өтті ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0