пятница, 29 ноября 2024 г.
icon
513
icon
541.16
icon
4.69
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
-8oC
×

Ата Заңның құрметіне мүшәйра ұйымдастырды

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Ұлы Конституцияға – 20 жыл» атты мүшәйра өтті.

Поэзиялық байқауды Сарыағаш аудандық соты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық судьялар одағы бірлесе ұйымдастырды, - деп хабарлады ОҚО сотының баспасөз қызметі.

«Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция - мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!», -деді Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов.

Аудандық сот төрағасы Қазақстанның осы аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуметті елге айналғанын, ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіткенімізді атап өтті.

«Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды», - деді Сарыағаш аудандық сотының төрағасы.

Мүшәйраға ақын-жазушылар ғана емес, ауданның шығармашыл жастары да қатысты. Байқауға қатысушылар тыңдармандар назарына «ҚР Конституциясына – 20 жыл», «Ата заң және Мемлекет басшысы», «Соттардың беделі мен абыройы» тақырыптарында өлеңдерін ұсынды.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, бірқатары «Көрермендер көзйымы», «Ең үздік көркемсөз оқушы», «Шынайы шығармашылығы үшін» аталымдарына ие болды. Мүшәйраның өзге қатысушылары да сыйлықсыз қалмады, олар белсенділіктері үшін алғыс хаттармен марапатталды. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0