пятница, 29 ноября 2024 г.
icon
513
icon
541.16
icon
4.69
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
-5oC
×

Өзбек драма театры шымылдығын «Ғажайып құдалармен» ашты

Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек драма театры  XIII маусымының шымылдығын «Ғажайып құдалар» атты премьералық қойылыммен түрді.

Комедиялық қойылым — өзбекстандық драматург Надира Махмудованың тырнақалды туындысы. Қоюшы  режиссері — Жавлон Сайитов. Оқиға желісі бойынша, шетелдік азаматтармен қызалысып, қызберіскен құдалардың шытырмандары  баяндалады. Онда жеңгелердің рөлі де көріністапқан.

Икрам Хашимжанов, облыстықөзбек драма театырың директоры: «Жаңамаусымыңашылуына осы спектакльді таңдап отырған себебіміз — өзбек халқы арасында біздің халыққатәнемесқылықтарды бой алдырды. Өз перзенттерін, яғни бойжеткен қыздарын шетелдік кәсіпкер шейхтерге ұзатып жатыр. Бірақ бұл бастама қазақтың да, өзбектің де менталитетіне жат. Себебі Қазақстан — біздің мемлекетіміз. Осыны көрерменге жеткізгіміз келеді.

Театрдың қоржынына жаңа қосылған «Ғажайып құдалар» спектакліне театрдың 13 бірдей әртісі жұмылдырылған. Және ұжым шығарманы сахналау үшін 1 ай тер төгіпті.

Айтакетейік, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры 2003 жылы 22 қазанда ашылған.  Сол кезде Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаев  Сайрам ауданына арнайы келіп, облыстық өзбек драма театрын ашып кеткен. Театр ұжымы өткен 13 жылда театр сахнасында елуден астам қойылым қойып, көрерменнің қошеметіне бөленіп келеді. Олардың арасында этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған пьесалар да бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - тұрақтылық пен қарқынды дамуды қамтамасыз ету болса, аталмыш театр бұл міндетті орындап келеді деуге болады. Өзбек театрының ұжымы бүгінде барша қазақстандықтар топтасқан және қуатты қоғамды қалыптастыруға елеулі үлестерін қосуда.

Бүгінде облыстық өзбек драма театрында 52 адам қызмет етеді. Оның 23-і шығармашылық ұжымды құрайды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0