+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.11.2015 в 09:11

Б.Парманов: «Өзге ұлт өкілдері қоныстанған ауылдарда сол ұлттың тілінде балабақша, мектептер бар»

Сарыағаш ауданындағы 4 ауылдық округте ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, кіші Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразбайұлы, ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ директоры Байқонақов Ербол Сүлейменұлы, облыстық өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Хашимжанов Икромжан Акрамович, облыстық тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы Худайкулов Акабай бастаған топ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында кездесу жиынын өткізді.

Жиында Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов «Қағамдық келісім» КММ филиалы мен этномәдени орталықтар филиалдарының өңірде татулық пен тұрақтылықты сақтауда атқарып отырған жұмысы туралы баяндады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Сарыағаш ауданында өзге ұлт өкілдері қоныстанған ауылдарда сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп, көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Мәселен, өзбек, орыс, тәжік мектептері мен балалар бақшалары жұмыс істейді. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі», ― деп атап өтті Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика