+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
19.11.2015 в 09:27

Шымкенттік оқушы «Менің елім – Мәңгілік Ел» радиконкурсынан жүлдемен оралды

2015 жылғы 11 қараша күні Астана қаласында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» залында жоғары сынып оқушылары арасындағы «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық радио байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының Қазақ радиосы бірлесіп ұйымдастырған бұл байқау балалар шығармашылығын қолдауға және өскелең ұрпақты патриотизм мен этносаралық келісім рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Байқауға қатысушылар проза, поэзия жанрлары  бойынша «Менің елім – Мәңгілік Ел» тақырыбына авторлық материалдарын (новелла, эссе немесе өлең) мемлекеттік тілде ұсынуы тиіс болған.

Байқаудың басталатыны туралы хабарламалар мен байқау ережесі Қазақстан халқы Асссамблеясының сайтында, әр облыстағы хатшылықтар сайттарында және Қазақ радиосының сайтында жарияланып, Қазақ радиосының эфирі арқылы хабарланды. Оған қатысушылардың шығармалары 2015 жылдың 15 тамызынан бастап 1 қарашаға дейін қабылданды.

Байқауға алынған шығарма мәтіні мен мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне, сөйлем құрылысы мен мән-мағынасына қарай іріктеліп, үздік шығармалар 10 қарашадан бастап күн сайын Қазақ радиосының эфирінен берілді. Ал, жеңімпаздарды арнайы құрылған көркемдік кеңес анықтады.    

Ассамблеяның 20 жылдығының құрметіне радио байқауға қатысқан 20 баланың жұмысы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жұмыстары жоғары баға алған жас шығармашыл қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Осы байқауға  Шымкент қаласындағы үш тілде оқытатын №1 "Дарын" мектеп-интернатының 10 "Б" сынып оқушысы Шайзадаева Диана да қатысқан болатын. Оның эссесі үздік деп танылып, жүлделі орынға ие болды. 

«Біз – бірлігіміз жарасқан, тату-тәтті, көпұлтты елміз. Осындай елдің патриоты болу – мен үшін үлкен бақыт. Мен келешекте еліміздің өркендеуі жолында өз үлесімді қосқым келеді», - деді өз сөзінде байқау жеңімпаздарының бірі Дина Шайзадаева.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика