четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
-2oC
×

Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні Астана қаласындағы «ҚазМедиа» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мəдениеті» ІІ Халықаралық медиа форумында этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткен болатын.

Аталмыш шарадағы «Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» атты конкурсына республика бойынша 400-ден астам үміткерлер қатысып, соның ішінен жерлесіміз журналист, жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасының редакторы Жұлдыз Өтегенова бас жүлдені иеленіп, 140 000 теңге сертификатымен марапатталды.

Марапат иесін Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай қабылдап, марапатымен құттықтап, бағалы сыйлық табыстады, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімі аппараты баспасөз қызметінен.

«Отансүйгіштік және рухани-адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын котерудін кепілі.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа Отансүйгіштік және адамгершілік – рухани тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі болып табылады.Халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан отансүйгіштік сезімді қалыптастыру әрбіріміздің парызымыз. Сіздің осы бағытта сіңірген еңбегіңіз жана берсін», - деді өз сөзінде арыс қаласының әкімі С.Ертай. 

Ал, марапат иесі Жұлдыз Өтегенова: «Мемлекеттік рәміздер — еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Биыл мемлекеттік рәміздердің ресми қабылданғанына 20 жыл толып отыр.Рәміздердің тарихы мен мәнін білу, оларды құрмет тұту — әрбір қазақстандықтың борышы. Әр рәміздің артында үлкен тарих, зор мағына жатыр. Мемлекеттік рәміздер — сол елдің өмір салтын, бүкіл болмыс, ерекшелігін, мақсат-мұраты мен арман-тілегін білдіретін белгі» деді байқау туралы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0