четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-6oC
×

ОҚО ҚХА хатшылығы жанынан Кәсіпкерлер қауымдастығы құрылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында ОҚО Қазақстан халқы Асамблеясы хатшылығы жанынан Кәсіпкерлер қауымдастығын құру мәселесі қолға алынды.

Бүгінде бұл бойынша этномәдени бірлестіктер басшыларымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қауымдастықты мемлекеттік тіркеуден өткізу бойынша этномәдени бірлестіктер басшыларымен 6 кездесу өткізіліп, Жарғы жобасына олардың ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметінің баяндауынша, қауымдастықтың мақсаты - азаматтарды индустриялды-инновациялық даму бағдарламаларына қатыстыра отырып, олардың тұрмысының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету, жаңа технологиялар мен идеяларды дүниеге әкелу, сонымен қатар халықтың қаржылық сауатын ашу.

«Қауымдастық шағын және орта бизнес өкілдерінің түрлі жобаларына қолдау көрсетіп, бизнес-консалтингтер өткізуге мүдделі. Қауымдастықтың міндеті - көптеген бизнес-қауымдастықтарды ұлтаралық татулық пен этникалық келісімді дамытуға бағытталған азаматтық процестерге тарту», - делінген «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі жіберген мәлімдемеде.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл бағыттағы тәжірибесі жеткілікті.

«Ұлт жоспарының 88-ші қадамында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы мен индустрияландырудың екінші бесжылдығын, сонымен қатар жалпыға ортақ еңбек қоғамы ұлттық жобасын іске асыру туралы айтылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл бағытта үлкен тәжірибесі бар. Ассамблея Мемлекет басшысының «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасын қолдаған ең алғашқы институттардың бірі және ол соңғы үш жыл бойы аталған бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді», - дейді «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметіндегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0