четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-10oC
×

Этно-мәдени бірлестіктер маңызды іс-шаралардың ортасынан табылды

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында  2 788 404 тұрғын тіркелсе, оның 2 032 171 - қазақтар, 468 182 - өзбектер, 131 602 - орыстар, 33 250 - әзірбайжандар, 34 291 - тәжіктер, 18 658 -татарлар, 22 602 - түріктер, 9 107 - кәрістер, 4 390 - украиндар, 9 080 - күрдтер, 2 532 - немістер, 3 919 - ұйғырлар, 4 583 - парсылар, 2 450 - шешендер, 2 920 - қырғыздар, 8 667 - басқа этнос өкілдері.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің этно-мәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары мәлімдеді.

Бүгінде аталмыш бөлімде 6 қызметкер бекітілген жоспарға сәйкес қызмет атқарып келеді.

Этно-мәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімі мамандарының баяндауынша, бүгінде Оңтүстік өңірінде 108 этнос өкілдері өзара татулық пен ынтымақта ғұмыр кешіп келеді. Оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, барлығының мүддесін бір арнаға тоғыстырған 20 мәдени орталық жұмыс жасайды. Облыс аумағында олардың 51 филиалы бар. Олардың жанында 11 жексенбілік мектеп, 17 жастар қанаты жұмыс жасайды. 

Бөлімнің негізгі жұмыс бағыты этно-мәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу болғандықтан, сол бағытта атқарылған жұмыстарды, олармен бірлесіп өткізілген іс-шараларды, этно-мәдени бірлестіктермен өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, этномәдени бірлестіктердің республикалық арнайы жобалар мен конкурс, фестивальдерге қатысу мәселерімен айналысады. 

«Этномәдени орталықтар өз кезегінде маңызы зор барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып, ортасынан табылды. Орталық өкілдерінің тілі, дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізіп отыруға барлық мүмкіншіліктер қарастырылған», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0