Оңтүстік Қазақстан облысында этномәдени бірлестік мүшелері республикалық деңгейде өткізілетін арнайы жобалар мен байқаулардан ешқашан қалыс қалған емес. Мәселен, биыл«Қоғамдық келісім» РММ тарапынан 6 жоба - «Қамқор» акциясы, «Ұлт рухы» жобасы, «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы, «Армандаған мамандық» жобасы, «Менің Шоқаным» конкурсы, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Бірге өмір сүру» конкурсы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан «Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі өтті.
Олар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардан 30 өтінім жинақталып, комиссия қарауына ұсынылды. Сараптаудан өткен 8 жоба «Қоғамдық келісім» РММ-не жолданды. Нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған «Бірге өмір сүру» конкурсында Түркістан қаласынан Абдукадировтар отбасы фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 22 тамыз күні Президенттік тест тапсыруға арналған «Ұлт рухы» республикалық жобасы аясында этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
«Қоғамдық келісім» РММ-нің «Мейірімділік керуені» («Караван милосердия») форумына ЭМБ өкілдері арасындағы кәсіпкерлер мен меценаттар 42 рет қайырымдылық шараларын өткізіп, лайық деп танылған 10 іс-шара туралы ақпарат республикаға жолданды.
Сонымен қатар, Астана қаласында қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы республикалық Аналар кеңесінің отырысына облыстық Аналар кеңесі де қатысып келді. Кеңес жұмысы барысында отырысқа Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысушылар тарапынан этностардың жас отбасыларының мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін насихаттау бойынша «Отбасы-өмір аясы», отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатындағы «Аналар күні», бір кәсіпті игерген әулеттер жетістіктерін насихаттау, еңбек адамына құрмет көрсету мақсатындағы «Отбасылық әулет», әскер қатарына жаңадан шақырылған сарбаздардың әскери өмірге бейімделуіне ықпал ету мақсатындағы «Аналар дастарханы», ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеуге бағытталған «Бабалар мұрасы-ұлт байлығы», көпбалалы аналардың бала тәрбиесіндегі үздік тәжірибесін насихаттау, оны жастарға үлгі ету мақсатындағы «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» әлеуметтік жобалары дайындалып, таныстырылды.