+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
11.11.2016 в 20:23

Діни білімі жоқ адам ағымдардың дұрыс-бұрысын қалай ажыратпақ?

Күні кеше Оңтүстік Қазақстан облысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен ҚМДБ тарапынан құрылған ақпараттық насихат тобы келген болатын. Дін саласының мамандары өңірдік жастарымен бірнеше кездесу ұйымдастырып, теріс діни ағымдардың залалы туралы айтып берді.

Ақпараттық топтың осы сапарын пайдаланып, оның мүшесі, «Нұрлы бiлiм» деструктивтi ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы төрағасының орынбасары Рүстем Сыздықовты әңгімеге тартқан едік.

Дін маманы арнайы білімі жоқ адамдардың діни ағымдарды қалай ажыратуға болатыны туралы айтып берді.

– Бiрiншiден, кез келген сауалдың жауабын iздеген кезде құзiреттi мамандарға жүгiну қажет. Өкiнiшке қарай, бiзде әртүрлi саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, журналистер арнайы бiлiмi болмаса да өздерiн дiн саласындағы сарапшы деп таныстыра бастады. Олар ағат пiкiрлер айтып, күмәндi мақала жазып қоғамдық пiкiрдiң дұрыс қалыптасуына орасан зор кедергi келтiрiп жатыр. Әсiресе, сол «сарапшылар» елде кең тараған дәстүрлi емес дiни ағымдар туралы сөз қозғауға құмар. Негiзiнде, Мемлекет басшысы дәстүрлi Исламның елдегi бiрден-бiр ресми құрылымы – Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы екенiн әлденеше рет ескерткен болатын. Сондай-ақ, бiздiң елде дiн мәселелерi бойынша орталық өкiлеттi мемлекеттiк орган – Дiн iстерi комитетi бар. Демек, дiни сипаттағы кез келген сауалдар бойынша аталған ұйымдарға жүгiнуге болады. Онда кәсiби бiлiктiлiгi жоғары мамандар бар. Олар Ислам әлемiнiң Әл-Азхар, Хаксеки секiлдi фундаментальдi жоғары оқу орындары мен Алматыдағы «Нұр-Мүбәрак» университетiн бiтiрген, Сiздiң сауалдарыңызға толық әрi дұрыс жауап беруге бiлiмдерi жетедi.

Президент Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 10 маусымда өткен отырысында Ақтөбедегi терактiлердiң артында шетелдерден тапсырма алған салафизм-уаххабизм ағымының өкiлдерi тұрғанын мәлiмдедi. Мұның растығына көз жеткiзу үшiн Ақтөбедегi жағдайдан аз уақыт бұрын интернетте сириялық салафиттердiң бiр көшбасшысының өз iзбасарларын «кәпiр» үкiметтерге қарсы теракт жасауға шақырған аудио жазбасы таралғанын еске алсақ та жеткiлiктi.

Президенттiң мәлiмдеме жасауынан бiр күн бұрын, 9 маусымда салафит-мадхалидтердiң Сауд Арабиясында жүрген тәжiк көшбасшысы Әбу-Мариям Назратуллахтың Ақтөбедегi лаңкестiкке салафиттердiң қатысы жоқ екенiн айтқан мәлiмдемесi таралды. Бiздiң кейбiр журналистер әлгiнiң сөзiне сенiп, Президенттiң сөзiне күмән келтiрiп жатты. Ол журналистер Әбу-Мариям дегендi шыншыл және мыңдаған қазақстандық жастардың тақуалыққа бет бұруына ықпал еткен адам етiп көрсеткiсi келедi. Негiзiнде елiмiзге жауыз идеологияны таратқан тап сол «көшбасшының» өзi болатын. Кезiнде ол көптеген жастарымыздың санасын улады, соның «сабағын» алғандар кейiн Сирия мен басқа да «ыстық» нүктелерге адасып кетiп, соңында ұрыс алаңында қаза тапты немесе түрмеден бiр-ақ шықты. Осылайша, кейбiр журналистер салафилердiң лидерiн бiлiп, бiлмей насихаттап, «салафилер – бейбiт ағым» деген ойды қоғамға сiңiрiп жатыр. Бұл – өте қауiптi құбылыс, - дейді Рүстем Мәлікұлы.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында шамамен үш мыңдай адам дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткен. Бүгінде оларды дәстүрлі дін ұстанушыларының қатарына қайтару жұмыстарымен ОҚО Дін істері басқармасының мамандары мен имам-молдалар айналысуда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика