суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Салафилердi «қалыпты» және радикалды деп бөлу – аса қауiптi

Күні кеше Оңтүстік Қазақстан облысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен ҚМДБ тарапынан құрылған ақпараттық насихат тобы келген болатын. Дін саласының мамандары өңірдік жастарымен бірнеше кездесу ұйымдастырып, теріс діни ағымдардың залалы туралы айтып берді.

Ақпараттық топтың осы сапарын пайдаланып, оның мүшесі, «Нұрлы бiлiм» деструктивтi ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы төрағасының орынбасары Рүстем Сыздықовты әңгімеге тартқан едік.

Оның айтуынша салафилердің қалыптысы болмайды, олардың бәрі қауіпті.

– Уаххабит-салафиттердiң әдетте бейбiт көрiнуi – маргиналдандыру мен радикалдандырудың бастапқы кезеңi ғана. Бұл кезде олар өздерiне сенген пақырлардың санасын улаумен, ақида, Алланың сипаты, таухид, иман жайлы түсiнiктерiн бұрмалаумен болады. Радикалдандыру бойынша әлемдiк деңгейдегi дiни сарапшылардың (Шираз Майер, Нибрас Казими, Ваел Иссам, Рәния Әбу Зейд, Хасан Хасан, Эмма Скай, Джоэл Лейберн, Даг Стоун және т.б.) пайымынша, бүгiнгi «ұстамды» салафиттер ертең нағыз сойқан радикалдарға айналады. Шынында да, бұл пайым дүниенiң қай бұрышында болсын шындыққа айналып отыр: кеше ғана қойдан жуас қоңыр тiршiлiк кешiп жүргендей көрiнген салафит бүгiн қарасаң террор мен зорлық-зомбылыққа құмар радикал болып шыға келедi.

ҚМДБ өкiлдерi елден шығып кеткен салафиттердiң ата-аналарымен сөйлескенде анықталғандай, олардың ешқайсысы да шектен шыққан радикал болмаған. Керiсiнше, сондай байсалды, «бейбiт» салафит-уаххабиттер» болған. Ибн Таймийаның «Акида әл-Васатыя» кiтабын, осы кiтапқа шейх Усейминнiң түсiнiктемелерiн, Ибн Абдуль-Уаххабтың «Үш негiз» кiтабын және басқа да осы тақылеттес дүниелердi оқыған. Шетелдiк (шейх Солих Фаузанның «әл Уара уәл Барасы», Нәдiр әбу Халид, әбу Мәриям Назратулла және т.б.) және қазақстандық «ұстамды» шейхтардың аудио-бейне жазба түрiндегi уағыздарын тыңдапты, - дейді Р.Сыздықов.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында шамамен үш мыңдай адам дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткен. Бүгінде оларды дәстүрлі дін ұстанушыларының қатарына қайтару жұмыстарымен ОҚО Дін істері басқармасының мамандары мен имам-молдалар айналысуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: