суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Ақтөбе іргесіндегі жаңа мектепке оқушылар кіре алмай жүр (ВИДЕО)

Ақтөбе іргесіндегі Кеңес Нокин ауылының тұрғындары биыл жаңа оқу жылында қатты қуанған болатын. Өйткені, елдімекенге облыс басшылары 350 орындық су жаңа мектеп салып берген. Алайда, күз ортасынан ауып, жауын-шашын жиілеген кезде тұрғындар жаңа проблемамен бетпе-бет келіп отыр.

№65 мектеп биыл 1 қыркүйекте алғашқы оқушыларын қабылдады. Алайда, екінші тоқсан басталысымен оқушылар да, ата-аналар да, мектептің мұғалімдері де лайға белшеден батып, оқу ғимаратына әзер кіріп-шығып жүр. Жергілікті тұрғындар осынау сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратуда.

Видеода оқушылардың балшық, әрі лай суларды басып, мектепке қарай аяңдап бара жатқаны көрінеді. Аяқ киімдері де адам көргісіз болған. Ал, Instagram желісіндегі Aktobe_zello парақшасына жарияланған видео авторы: «Жаңа мектеп. Қараңыздар. Балалар қалай сабаққа бара жүр? Не деген масқара? Әкім қайда қарап отыр? Мектепке кіретін жол жоқ. Жолсыз мына мектепті қалай қабылдаған?» ― деп жергілікті билікті сынға алды.

Осы ауылдың өзге тұрғындары да әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Бірі «шенеуніктер балалардың білім алуы үшін жолын дұрыс салып бере алмай отыр» десе, өзгелері жауын жауған күні мектепке кіру мүлдем мүмкін болмайтынын жазған.

Еске салсақ, биыл білім күні қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша «Батыс-2» шағын ауданы, К.Нокин ауылы және Мұғалжар ауданының орталығында 8 жаңа мектеп пайдалануға берілген болатын. Солардың бірнешеуін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі өзі ашқан болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0