пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Ақтөбелік жігіт жол апатынан кейін 40 келі жоғалтқан: ата-анасы бұған дәрігерлерді айыптап отыр (ВИДЕО)

Ақтөбелік Серік Жантікенов биыл 10 қыркүйекте жол көлік оқиғасына ұшыраған болатын. Сау кезінде 64 келі тартқан жігіттің салмағы қазір небәрі 24 келі, құр сүйегі ғана қалған. Әкесі Алмаз Сұлтанұлы болса бұл жағдайға дәрігерлерді кінәліп отыр. Тіпті, ақхалаттылардың үстінен ішкі істер органарына арыз да түсірген екен.

Серіктің апаттан кейінгі алғашқы күндері жағдайы тәуір болған көрінеді. Сөйлей алмаса да, көзін ашып, жұрттың сөзін түсінетін. Алайда, уақыт өткен сайын ол салмақ жоғалтып, мүлдем қимылсыз күйге түскен.

«Алғашында салмағы 64 келі тартқан науқас балам қазір небәрі 24 келі тартады. Менің алдымда осы ауруханада (ауруханының атын атаудан бас тартты) дәрігерлер бір науқас баланы қайтыс болды деп, мәйітханаға апарып тастаған. Туыстары барып қараса, рұқсатсыз дене мүшесінің бәрін алып алған екен. Мен де баламды бөлшектеп ала ма деп қорықтым. Өйткені, күдік тудыратын дәрі-дәрмектер егетін. Сол дәрілерден кейін балам жазылудың орнына мүлдем нашарлай берді», ― дейді науқастың әкесі Алмаз Сұлтанұлы.

Жантікеновтер отбасы дәл қазір қаржы жағынан тарығып отырғандарын жасырмады. Тіпті олар әлеуметтік желідегі Instagram желісіне ұлдарының төсек тартып жатқан видеосы мен суретін бөлісіп, көмек сұрауда.

«Менің балам 57 күн ауруханаға жатып еді. Көп жатты деп шығарып жіберді. Аиал жоқ, баламды үйге әкеліп алдым. Ары қарай емдетуге жағдайымыз жоқ. Үй тар, қолайсыз. Кереует те жоқ. Тіпті, тамақ берудің өзі қиын», ― дейді халықтан көмек сұраған ана.

Науқастың әкесі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың да қабылдауында болып, көмек қолын созуды сұраған екен. Әкім баланы жеке клиникаға 15 күн емдетіп беріпті. Бірақ емделу уақыты өткеннен кейін, ондағы дәрігерлер де науқасты үйіне қайтарып жіберген.

Алмаз Сұлтанұлы аурухана қызметкерлерінің үстінен ішкі істер органдарына арыз жазғанын айтты. Осы арыздан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) іс қозғалған көрінеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0