суббота, 27 июля 2024 г.
icon
474.72
icon
515.17
icon
5.58
Алматы:
icon
25oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Қызылордада абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды

Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында абайсызда арыққа құлап кеткен бес жастағы ұл бала көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Оқиға 21 мамырда сағат 12.00 шамасында болған. Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында тұратын 2017 жылғы сәби балалармен бірге дүкенге шығып кеткен.

«Сәби абайсызда ауылға кіре берісте орналасқан арыққа құлап кетіп, сол жерде қаза болған. Ауыл тұрғындары оның жансыз денесін өз күшімен шығарып алған», — деп Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова мәлім етті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 7
Забавно 2
Сочувствую 0
Возмутительно 0