Медреселерімізде қазақ ғұламаларының еңбектері тереңдетіп оқытылады
Еліміздегі ҚМДБ-ға қарасты медреселерде, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы осынау діни мектептерде Әл-Фарабиден бастап, Абай, Шәкәрімге дейінгі аралықты қамтитын қазақ ғұламадарының еңбектері тереңдетіп оқытылады, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, ислам мемлекеттерінің өзінде жергілікті халықтан шыққан ғалымдардың туындылары медреселерде міндетті пән ретінде оқытылады екен. Бұл үрдіс енді Қазақстанда да бар.
«Негізінен ислам дінін ұстанатын елдердің орта діни білім берудегі тәжірибесін зерделей келе әрқайсысы өз жерінен шыққан ғұламалардың діни еңбектеріне көбірек сүйенетініне көз жеткіздік. Бізге де солар сияқты өзіміздің ойшылдарымыз бен даналарымызды, діндарларымыз бен ғұламаларымызды неге ардақтамасқа?! Сондықтан жаңа бағдарламаға сәйкес оқу жүйесіне екі пән енгізіп отырмыз. Біріншісі–«Қазақ ойшылдары және құндылықтары» деген пән. Сонау әл-Фарабиден, Тарази, Балсағұниден бастап, кешегі Абай, Шәкәрім, Ғұмар Қараш, Ғылмани аталарымыздың пәлсапалық тұжырымдары Ислам құндылықтарымен байланыстырыла жүйелі түрде оқытылады. Екіншісі – «Шешендік өнер және уағыз айту әдістемесі» атты пән. Шәкірттерімізге шешендік өнердің қыр-сыры үйретіліп, уағыз айтуға машықталады. Бұған қоса облыс орталықтары мен қалалардағы үлкен мешіттердің жанындағы сауат ашу курстарында Ыбырай Алтынсаринның «Мұсылманшылық тұтқасы» мен Шәкәрім қажының «Мұсылмандық шарты» деген кітаптарын оқыту міндеттелген. Сонымен қатар, Құран әліппесі, тәжуид, Пайғамбарымыздың өмірбаяны, иман негіздері сияқты негізгі пәндер де отандық авторлардың жазған оқу құралдары негізінде оқытылып жатқанын айтқан жөн», - дейді Б.Қыдырбайұлы.
-
Астанчан напугала ученица стоявшая в три часа ночи возле школыСегодня, 07:46«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование03.02.2023, 19:37В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00
-
13:33Поезд «Петропавловск -Алматы» загорелся в пути12:59«Ерекше баланың анасымын»: Төреғалидің әйелі күтпеген мәлімдеме жасады12:37Женщина исчезла по дороге на собеседование11:58День учителя планируют перенести в Казахстане11:32Саркози присоединился к казахстанской арт-выставке11:00Водителя автобуса с телефоном в руках сняли на видео в Актау10:35Заболевших КВИ за сутки в РК стало меньше09:57КамАЗ насмерть зажал механика в Акмолинской области09:15Столичный врач озвучил основные причины рака08:54На километровые пробки и частые аварии жалуются алматинцы08:15Новый фильм казахстанского продюсера выходит в прокат07:46Астанчан напугала ученица стоявшая в три часа ночи возле школы07:13Названы лучшие бойцы ММА из Казахстана06:37Нацбанк РК первым в мире выпустил 3D монеты06:00Прогноз погоды в Казахстане на 4 февраля