понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Сыр өңірінің жас тарихшылары бас қосты

Қызылордада «Сыр өңірінің тарихи тұлғалары жастардың көзімен» атты облыстық жас тарихшылар форумы өтті. Аталған шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараны өткізуге облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйытқы болды.

Жас тарихшылардың ашық диалог алаңына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаз-ғалымдары мен аймақтағы жас мамандар қатысты. Форум барысында Сыр елінен шыққан тарихи тұлғалардың өмір жолы, қызметі және тарихта алар орны туралы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, оқытушылардың әдістемелік деңгейін жетілдіру, басты назарды ғылыми жұмыстарға қою, оқу-тәрбие процесіне тың идеяларды енгізу туралы талқыланды. Форум барысында өмірі мен еңбек жолы зерттелмеген Сыр өңірінен шыққан қайраткерлер жайлы тың деректер айтылды.

«Бұл форумның жас мамандарға ерекше серпіліс беретіні сөзсіз. Мұндай шара жас педагогтардың әдістемелік деңгейін дамыта түседі. Оқушыларды жастайынан ғылыми жұмыс жазуға баулу керек. Ол үшін білім беретін маман білімді, ізденімпаз болуы тиіс. Ашық диалог алаңы жас педагогтардың тарихи танымын кеңейтіп, зерттеу жұмыстарын жазуға машықтандырады деп білемін», - деді  Қызылордадағы «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Әлима Жақыпқызы.

Жас тарихшылардың ашық диалог алаңы ТЕD Х форматында өтті. Форумға 1-3 жылдық еңбек өтілі бар тарих пәнінің мұғалімдері қатысып, Сыр өңірінен шыққан тұлғалар жайлы жан-жақты зерттеген жұмыстарымен бөлісті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0