воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-11oC
×

Ақзира Қасымова: Қызылордада бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аймақтағы білім саласына байланысты брифинг өткізді. Брифингте мектепке қабылдау,  жұмыстары, талапкерлердің оқуға тапсыру мәселелері туралы айтылды.

«1 сыныпқа қабылдау бойынша 5 құжат талап етіледі. Яғни, баланың ата-анасы немесе заңды өкілдерінің өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны, №063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, 3х4 көлеміндегі екі дана фотосуреті қажет. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу барысында туындаған қиындықтарға байланысты медициналық құжаттарды уақытша тапсырмауға рұқсат етілгендігін айта кету керек. Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады», — деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Мектепке қабылдау 1 тамызға дейін жүргізіледі. Бүгінгі күні 1-сыныпқа мектепке қабылдауға тіркелген балалар саны 10 178 болып тұр. Оның ішінде e-gov порталы арқылы — 1 107, қолма-қол қағаз түрінде — 9 071 бала тіркелген. Осы бағыттағы жұмыстар тамызға дейін жалғасатын болғандықтан ақпараттың күн сайын жаңаланып отыратынын жеткізді сала басшысы.  

Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау «Электрондық үкімет» Egov.kz порталы бойынша онлайн режимінде өтеді. Сонымен қатар, қағаз түрінде қолма-қол тапсыру арқылы да жүзеге асырылады.

«Биыл жаңа оқу жылынан бастап талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау E-GOV және оқу орындарының «CollegeSmart Nation», «Platonus», «Е-колледж» электронды платформалары арқылы жүргізіледі.  Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес орташа конкурстық балл бойынша өткізілетін болады. Сонымен бірге, мамандықтар бойынша құжат қабылдау мерзімдері бойынша орта буын 25 тамыз, жұмысшы 27 тамызға дейін, ал шығармашылық мамандықтар 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады», — деді сала басшысы.

Айта кетейік, педагогикалық және медициналық, сондай-ақ, арнайы, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға тапсырушылар 21-28 шілде аралығында шығармашылық емтиханға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен мамандық бойынша қағаз немесе электрондық нұсқадағы портфолиосын  тапсырады. Емтиханды онлайн режимінде тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, талапкерлер білім беру ұйымына орындаған шығармашылық тапсырмасын бейнежазба жібере алады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0