пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Діни ақпараттық топ оңтүстікқазақстандық педагогтармен кездесті

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жанынан құралған республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері бүгін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде облыстың білім саласы қызметкерлері және жастар өкілдерімен кездесу өткізді.

Аталмыш кездесуге облыстық дін істері басқармасының, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің қызметкерлері, Шымкент қаласының жоғары, арнаулы орта оқу орындарының басшылары, оқытушылары және жастар өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің, діни алауыздықтардың туындауының, деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекеттері мен зияндылығының алдын алу мақсатында кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруға ықпал ету.

Кездесу барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Қоғаммен және БАҚ-пен байланысты жөніндегі басқармасының» басшысы Иманбаев Мейрам Өткілбайұлы, топ мүшелері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мекемесінің бас сарапшысы Мұқашев Аманбек Мұқашұлы, «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми- зерттеу және талдау орталығының» Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Исахан Мұхан Баймұратұлы баяндама жасады. Баяндама барысында дін атын жамылған теріс ағымдардың белгілері, қауіп-қатері туралы айтылып, олардан сақтанудың нақты жолдары көрсетілді. Сондай-ақ, теолог-ғалымдар тек дәстүрлі ислам ғана халқымызды тура жолға жетелейтінін тағы бір ескертті.

Ал, кездесу соңында сұрақ-жауаптар, пікір алмасулар өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0