четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Дін өкілдері Шымкенттегі темір жол вокзалында жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Теолог-ғалымдар тек мемлекеттік мекемелер мен білім ордаларында ғана емес, қоғамдық орындарға барып та, халықпен кездесулер өткізіп жатыр. Басты мақсат – елде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Осындай кездесулердің бірі Шымкенттегі темір жол вокзалында өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ өкілдері вокзал қызметкерлеріне және жолаушыларға теріс діни ағымдардың залалы туралы түсіндіріп, олардан қоғамға келетін зардап жайында мысалдар келтірді.

Атап айтсақ, «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы И.Әбілқайыров жиналған жұртқа «Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдар» тақырыбында баяндама оқып, қандай ағымдардан бойды аулақ ұстау керек екенін айтып берді. Сонымен қатар, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер арасындағы айырмашылықтар түсіндірілді.

«Мұндай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер әсері зор. Жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі – діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеуінен, теріс бағытты насихаттайтын әдебиеттерді оқудан.  Сондықтан, әр ата-ана баласының қолындағы кітапқа мән беріп, тәрбиені уыстан шығармау керек. Көптеген жас жеткіншектер дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діннің айырмашылығын білмейді.ақырында, бізде отбасыларда жанжал туындап, әрқайсысы әр түрлі діни ағымның жетегінде кетеді. Содан келіп, қоғамда әр түрлі жанжалдар мен таластар пайда болады», - деді кездесу барысында И.Әбілқайыров.

Кездесу соңында темір жолшылар діни ағымдар жөнінде көкейде жүрген сауалдарын қойып, ой бөлісті. Жиынға қатысқандарға буклеттер мен кітапшалар таратылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0