среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкенттегі «Болашақ» колледжінде «Ислам мәдениеті және дін» тақырыбында кездесу өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының теолог-ғалымдары жастар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді. Өңірдегі жоғары оқу орындары мен мектептерді аралаған дін мамандары өскелең ұрпақты теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтауды өздеріне мақсат тұтқан.

Бүгін Шымкент қаласында осындай кезекті шаралардың бірі өтті. Облыс орталығында орналасқан «Болашақ» колледжіне барған дін өкілдері оқу орнының педагогтарымен және студенттерімен кездесіп, «Ислам мәдениеті және дін» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ, бабаларымыз ұстанған дәстүрлі ислам ғана қазақты адастырмайтынын түсіндірді.

Кездесудің басты мақсаты – жастарды деструктивті діни ағымдардың қатарында кетуден сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады.

Кездесуді Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директор міндетін атқарушы М.Бесбаев ашып, жүргізіп отырды.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д, профессоры Әбуов Айдар Паркұлұлы тақырып аясында келген жастарға баяндама оқып, теріс діни ағымдардың залалы туралы ауқымды мысалдар келтірді.

Семинар соңында студенттер деструктивті діни ағымдар туралы көкейде жүрген сауалдарын қойып, дін ғалымдарымен ой бөлісті.

Айта кетейік, биыл жаз айларында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралар күшейтілді. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылып, министрлік тарапынан ақпараттын түсіндіру топтары жасақталуда. Аталған топтар республиканың барлық аумақтарын аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Кездесулер облыс орталықтарымен бірге шалғай ауылдарда да өтуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0