четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

ОҚО-да «Дінаралық татулықты сақтау» тақырыбында семинар өтті

Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай ОҚО Дін істері басқармасы және осынау басқармаға қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен «Дінаралық  татулықты  сақтау» тақырыбында облыстық семинар өтті. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Осынау шараның негізгі мақсаты – ұлтаралық келісімді, конфессияаралық татулықты сақтау, өзара түсіністік пен құрмет сезімін сақтау, дін саласында жұмыс жүргізетін тиісті сала мамандарына нақтылы бағыт-бағдарлар ұсыну, өзара тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинардың жұмысына қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен дін мәселесімен айналысатын мамандар, қалалық, аудандық ақпараттық-түсіндіру топтардың мүшелері, «Жастар орталығы» МКМ-нің директорлары мен қызметкерлері, облыстағы арнаулы орта оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәндерінің мұғалімдері, «Шымкент» медресе-колледжінің ұстаздары мен оқушылары, облыстағы мешіттердің имамдары, зиялы қауым, мәдениет саласының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.

Семинардың жұмысын облыстық дін істері басқармасының басшысы Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты Лесбек Тәшімұлы Тәшімов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы Керімбек, ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің бөлім басшысы Ұлықбек Алиакбарұлы баяндама жасады. Спикерлер кереғар діни ағымдардан келіп жатқан зауалды айта келе, олардан сақтану жолдарына да тоқталды. Сондай-ақ, исламдағы бала тәрбиесі, зайырлы елдің заңына бағыну сынды мәселелер де талқыланып, жиын соңы сұрақ-жауаптар және пікір алмасуға ұласты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0