пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Оңтүстік Қазақстан облысынң имамдары есеп берді

Оңтүстік Қазақстан облысының имам-молдалары Шымкентте бас қосып, 2016 жылы атқарған жұмыстарына есеп берді. Бұл туралы ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, биылғы жылдың дін өкілдері үшін оңайға соқпағанын атап өтті. Ол елімізде орын алған лаңкестік оқиғаларға тоқтала келе, экстремизммен күресуде имамдардың орны, оларға артылған жауапкершіліктің үлкен екенін ескертті. Сондай-ақ, бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары секілді асыл қасиеттердің сақталуы тек ата-ана мен мұғалімге ғана емес, имам-молдаларға да артылған жүк екені айтылды.

Ал, мұнан кейін рет-ретімен есеп берген аудан имамдары жыл бойы атқарған жұмыстарын бейнеролик негізінде көрсетті. Атап айтқанда, шалғай ауылдар мен аудан орталықтарында орын алған кездесулер, халық арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстары осынау видеороликтен көрініс тауып отыр.

Ахметжан қажы Керімбек бірнеше ауданның атқарған жұмысына «жақсы» деген бағасын берді. Олардың қатарында Мақтарал мен Сарыағаш, Сайрам аудандары бар. Халқы тығыз орналасқан осынау аудандарда жергілікті тұрғындармен жоғары деңгейде жұмыстар жүргізілген деп есептейді бас имам.

Сонымен қатар, өзге аудан имамдары «қанағаттанарлық» деген бағаларын алды.

Есеп беру кезінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы мына мәселелер бойынша нақты тапсырма беріді. ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт құжат бойынша жұмыс атқару, кереғар ағымдармен жеке кездесулердің сапасы, республикалық ақпараттық насихат (РАНТ) тобының және жергілікті ақпараттық насихат (ЖАНТ) тобының жұмысын жан-жақты дамыту, кездесу санын арттыру, мешіт жанындағы діни сауат ашу курстары мен Жастар ісі, Зекет, халал бөлімдерінің жұмыстарын дамыту туралы тапсыра берді.

Жалпы, қала, аудан имамдарының жылдық есеп беру мәжілісі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0