четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

ОҚО-да тағы бір жаңа мешіт пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мешіттердің қатары тағы бір орталықпен толықты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Мақтарал ауданындағы Ерман ауылында «Амина бибі» деп аталатын құлшылық үйі пайдалануға беріліп отыр. Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек қатысып, жергілікті жамағатты осынау қуанышты жаңалықпен құттықтады.

Сонымен қатар, найб мүфти ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің арнайы құттықтау алғыс хатын жаңа мешіттің имамына табыс етті. Артынша Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов сөз алып, ауыл тұрғындарын Алла үйінің ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, аталған мешіт елге белгілі дінтанушы, облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровтің бастамасымен салынып, ел игілігіне берілді.

Жаңа құлшылық үйінің атауы – күллі мұсылмандардың анасы Амина (р.а) анамыздың құрметіне «Амина бибі» деп аталған.

Жалпы, құлшылық үйінде бір мезетте 120 адам намаз оқи алады. Мешіттің жылу жүйесі жапондық үлгіде едені арқылы жылытылады. Мешіттің арнайы көлік тұрағы бар. Дін мен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында қазақи оюлармен безендірілген. Мешіттің мемекеттік жер актісі мен өзгеде құжаттары ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. Жалпы, мешіт құрылысына жұмсалған құрылыс материалдары отандық өнімдер екен айтып өту керек.

Аталмыш шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек бастаған ел азаматтары «Жасыл ел» шарасы аясында мешіт ауласына ағаш отырғызды. Сондай-ақ, жиналған жамағатқа дін мен дәстүр жылы аясында ұлттық ойын түрлерінен арқан тарту, кір тасын көтеру сынды жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға өкілдік тарапынан арнайы диплом және сый-сияпаттар табыс етілді. Ашылу рәсімінен кейін көпшілікке мерекелік арнайы ас берілді.

Қазір елімізде 2500-ге жуық имандылық үйі бар болатын болса, бұл жаңа нысан осы өңірдегі 800-шы мешіт болып ашылып отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0