четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

ОҚО-да дін өкілдері «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» рухани шарасын өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысының имам-молдалары тағы бір керемет рухани бастаманың негізін қалап отыр. Республиканың бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына орай, Сарыағаш ауданында бас имам Берік Қалдаровтың ұйымдастыруымен «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты рухани іс-шара өтті.

Осынау жиынға қаланың төбе биі Р.Оспанов және ауданның дуалы ауыз ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты. Қариялар ата-баба рухына құран бағыштап, әруақтарға дұға етті.

Оспановтың айтуынша, мұндай іс-шара аудан аумағында ғана емес, жалпы облыс аумағында да алғаш рет өткізіліп отырған көрінеді. Сондықтан, осынау рухани жиын Сарыағаш ауданында жыл сайын өтетін дәстүрге айналуы тиіс дейді қаланың төбе биі.

Шараның мақсаты – аты айтып тұрғандай, ауданның қазыналы қарияларына құрмет көрсету. Өз кезегінде ақсақалдар да жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді жастар арасында қайта жаңғыртып отыр. Бала тәрбиесіне аса мән берген қариялар қазіргі теріс діни ағымдардан, түрлі қылмыстық ұйымдардан бойларын таса ұстауды қатаң ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының имам-молдалары да рухани бір бастаманы бастаған болатын. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен аудандағы имамдар бір-бірінің үйінде қонақта болып, отбасымен араласу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, ауданның бас имамының үйінде қонақта болған ауыл имамдары дастархан басында өңірдегі діни ахуалды талқылап, проблемаларды шешудің жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, жастар тәрбиесіне назар аударып, отбасылық құндылықтар жайында әңгіме қозғады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0