вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Шымкенттегі орта мектепте дін өкілдері оқушылармен кездесті

Бүгін Шымкентте «Шымкент – Антитеррор-2016» антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы жмыны өткені белгілі. Аталған шара аясында дін мамандары мен ішкі істер органдарының қызметкерлері, қауіпсіздік комитетінің өкілдері мектептерді аралап, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулердің бірі облыс орталығында орналасқан Қорқыт атындағы №22 орта мектебінде өтті. «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және діни біртұтастық» деген тақырыпта өткен жиынды Әл-Фараби аудандық әкімдігі мен ОҚО Дін істері министрлігінің жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырды.

Кездесу барысында аталған орталықтың «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі басшысы Ф.Тайтелиев оқушыларға баяндама оқып, теріс діни ағымдардың залалы туралы түсіндіріп өтті.

«Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықсыз билік болмайды, ал, дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. Сондықтан көпұлтты Қазақстан үшін бүгінде діни біртұтастық пен төзімділік қажет», — деді ол.

Кездесу соңында оқушылар мен ата-аналар тарапынан дін мамандарына сұрақтар қойылып, жиын пікір алмасумен аяқталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0