четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Шымкентте «Халықаралық лаңкестіктің қаупі» тақырыбында кездесу өтті

ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ өкілдері ОҚО мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында курсқа келген мемлекеттік қызметкерлермен «Халықаралық лаңкестік қауіпі» тақырыбында кездесу өткізді.

Шараның басты мақсаты – жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетуіне жол бермеу. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге «Діни қызмет жәні діни бірлестіктер туралы» заңды түсіндіру.

Кездесуге қатысқан «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Беспаев жиналғандарға деструктивті діни ағымдардың қаупін, олардан әлем жұртшылығына келіп жатқан зауалды түрлі мысалдармен түсіндіріп өтті.

«Лаңкестік әрекеттерді біздің еліміз бен халқының басым көпшілігі ұстанатын дәстүрлі ислам діні де қолдамайды. Сонымен қатар, халықаралық лаңкестікпен күрес ғаламдық проблемалардың санатында қалып отыр, оны шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық ынтымақ пен бекемдік танытуы керек. Осы саладағы барлық әмбебап конвенцияларға қол қойған Қазақстан өңірлік антитеррорлық құрылымдардың аясында белсенді жұмыстар атқаруда. Біз Таяу Шығыс елдері мен өзге де әлемде болып жатқан лаңкестік әрекеттермен күресуге өз үлесімізді қосуымыз қажет» - деп атап өтті М.Беспаев жиын барысында.

Жиында сөз болғандай, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев шет елдерге жасаған сапарлары барасында халықаралық ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау мақсатында көптеген келісімдерге қол жеткізуінің нәтижесінде, әлемде лаңкестікпен күресудің бірыңғай шебін құруда Тәуелсіз Қазақстанымыздың орнын айрықша танытып келеді. Мемлекет басшысы сондай-ақ, өзінің жыл сайынғы Жолдауларында діни экстремизммен және терроризммен күре мәселелеріне ерекше тоқталып өтеді.

Кездесу барысында курсқа қатысушы мемлекеттік қызметкерлер тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Кездесу соңы ұсыныс-пікірлермен қорытыланды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0