Танымал әзілкеш Данияр Бекжанов өмірде бәрі бумеранг болып қайтатына сенеді. Қызбен көп кездескен жігіттер кейін көп қыздың әкесі болады дейді. Мұны өз айналасындағы адамдардың тәжірибесінен көріп айтады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы әзілкеш «Админанон» бағдарламасында бөлісті.
Әзілкештің айтуынша, бойдақ кезінде қыздармен көп жүрген жігіттер көп қыздың әкесі атанады. Сондықтан жігіт қай қызбен кездессе де, оған үйленем деген ниетпен бару тиісті деп санайды Данияр.
«Менің айналамда, менің тәжірибемде осындай көп. Қызбен кезінде көп кездескен жігіттердің кейін үйленгенде қыздары көп болады. Білмеймін, мүмкін мен қателесемін. Бірақ солай ойлаймын. Себебі, соған ұқсас жағдайларда көп көріп жүрмін. Өмір деген бумеранг. Сондықтан жігіт қай қызбен кездессе де, оған үйленем деген ниетпен бару керек. Бекерге обалды қылмау керек», – деді жайдарманшы.
Әзілкештің меңзегені, қыз баласын жылатуға болмайды. Егер қыздардың обалына қалсаң, Алла саған да қыз береді. Әр қызға өз қызыңдай қара. Өмір кезек дегенді түсіндіргісі келді.
Данияр Бекжанов қыз тәрбиесіне, қарындас тәрбиесіне қатал. Мұны өз сөзінен де, желідеді әзіл видеоларынан да байқауға болады.
«Әр қызға ағасы, бауыры жауаппен қарау керек. Қызға қырық үйден тыйым деген сөз бар. Ол бекер айтылмаған. Қыздың тағдырына алаңдау керек», –дейді ол.
Желі қолданушылары оның сөзін қостай кетті.
«Өте дұрыс айттың, мен де солай ойлаймын», «Алла бәрін реттуші, бәрін білуші, бәрін өз кезегімен реттеп отырады», «Даниярдың сөзін қос қолдап қолдаймын», «Қыз әкені жәннатқа жетелейді, қыздары арқылы жәннатқа үміт ете алады», «Бұл әркімнің тағдырына байланысты», – деп жазды көпшілік.
Дана ата-бабаларымыз айтқандай: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді». Сонымен қатар, бүгінде ұрпақ өрбітіп, келешек келбетін қалыптастыратын, ел мен елді жақындастырып, табыстыратын – жаны нәзік қыз баласы. Осыны әр қазақтың жігіті білуі тиісті және көкейінде әрдәйім ұстау тиісті.
Оқи отырыныздар: Баян Мақсатқызының анасы: Қызымды туған кезде үлкен дау болды