суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-5oC
×

Үш ұлының суретін жариялаған Сәбит Әбдіхалықов елді сүйсінтті

Сәбит Әбдіхалықов жақында ғана жүрегі ауырып ауруханаға түсті. Продюсер жеті жылдан бері жүрегін тұрақты емдеп келеді. Бұған дейін бір рет инфаркт алған. Ол желіде белсенді болмағанымен, ара-тұра отбасы, ет-жақындары жайлы жазып, естеліктерін бөліседі. Бұл жолы алғаш рет үш ұлының бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды stan.kz.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

«Бауырлар, Асылжан, Хақназар, Абадан», – деп жазды әкесі.

Желі оқырмандары түрлі пікір жазып, ықыласын білдіріп жатыр.

«Ұрпағыңызбен мың жасаңыз», «Асылжан ақылды жігіт, анасы жақсы тәрбиелеген. Бауыр керек, жалғыздықтан сақтасын. Қандай жарасымды сурет, өсіп, өне беріңдер», «Жарасымды сурет екен. Бұрынғы ата-бабаларымыз 3,4 әйел алып-ақ ұрпақ көбейткен ғой. Кімге де болса, Алланың бұйрығымен болатын шаруа. Сәбит мырза! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріңіз. Қазағым! Бір-біріміздің осындай жақсылығын ғана көруге тырысып, жақсы ниет білдірейік. Ағайындылар аман болсын. Періште сәбилердің жаны пәк», «Бұл да бір жақсы шығар. Ата-ананың арасында не болса да, ол үлкендердің мәселесі. Бала-шағаның емес, сіз бен біздің емес», ― деді желідегілер.

Айта кетейік, биыл ақпан айының басында Әбдіхалықов ұлды болды. Бұл ― Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ үшінші некесінен екі атұстары өсіп келеді. 50-ге тақаған шағында ұлды болған продюсер оған Абадан деп ат қойды. Жуырда бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаеваның тойына қатысқан Әбдіхалықов оны өзі ұзатқысы келетінін айтқан еді.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 4