пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

«Өзімді жоғалтып алдым»: Рано Омарова ажырасудан кейінгі жағдайы жайлы айтты

Актриса Рано Омарова ажырасудан кейін қандай күйде болғанын, әрі қарай не істеу керектігін білмегенін айтты. Рано өзі сияқты күйге түскен келіншектерге кеңесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: instagram / Рано Омарова
Фото: instagram / Рано Омарова

«Ол тақырыпқа ұзақ уақыт бойы тоқтап, өзіңізді аяп, кінәлі адамды іздеп, көп уақыт жоғалтуға болады. Қазір уақыт тез өтеді. Бір күн үш күнге татиды.

Сондықтан ол уақытты өзіңізге арнағаныңыз дұрыс. Мен сізді жақсы түсінемін. Мені бұрыннан оқитын болсаңыз, менің де ажырасқанымды білесіз. Мен де өзімді жоғалтып алдым.

Әрі қарай қалай қарай бағыт алатынымды, жалпы не істерімді білмедім. Жалғыз қалғандай, алдымда бірнеше жол тұр, бірақ оның қайсысына барғаным дұрыс екені белгісіз.

Барлығымыз кереметпіз. Бізде жасырын таланттар көп, тек өзіңе уақыт пен көңіл бөлу керек. Сонда сізге не керек, нені қалайсыз, соны түсіне аласыз. Бірақ қайғыру керек болса, өзіңізге «дедлайн» белгілеңіз. Мысалы, «мен бір ай жылап, қайғырамын» деңіз. Осы уақыт ішінде барлық көз жасыңызды шығарып, кейін алға қарай жылжу қажет», – дейді Рано Омарова.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 3
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0