суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

«Жүкті ме?»: Кәмшат Жолдыбаева жігітпен жүргелі жабық киіне бастады

Атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаеваның соңғы уақытта киім кию стилі өзгерген. Енді ол бұрынғыдай ашық-шашық киінбейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Бұл өзгерісті желі қолданушылары жақсылыққа балап отыр. Жақында Кәмшат өзінен бес жас кіші актер Ғазірет Ержановпен көңіл қосқан еді.

Екеуінің қол ұстасып жүрген видеосы бірнеше күн бұрын желіде тараған болатын.

Кәмшат күні кеше желіге тағы бір ерекше бейнежазба жариялады.

Онда әнші жеңі ұзын, етегі кең көк көйлек киіп, көшеде жүр.

Жұрт оның кең көйлек киіп жүргеніне қарап «Жолдыбаеваның аяғы ауыр» деп болжады.

«Жүкті ме?»;

«Неге кең киініп алған, көз үйренбей жатыр»;

«Ғазірет пен Кәмшат — керемет жұп. Бақытты болыңдар»;

«Енді тұрмысқа шықса болды»;

«Көйлек өзіне жарасып тұр»;

«Дұрыс, енді жолдасы бар», — деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 21
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 6