суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Алуа Қонарова ресейлік әнші Филипп Киркоровтың елордада өтетін концертіне қарсылық танытты

Отандық продюсер Алуа Қонарова Астанада болатын Филипп Киркоровтың концертінің өтуіне қарсы шықты. Продюсердің бұл пікіріне ресейлік әншінің Путин саясатын қолдағаны түрткі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алуа Қонарова ресейлік әртістер Қазақстанға тек үлкен гонорар төленсе ғана келетінін жеткізді. Продюсер Путиннің басқыншы саясатын айыптап, агрессияны қолдамайтын Алла Пугачева, Би 2, Шевчук, Борис Гребенщиков, Галкин секілді нанын адал тауып отырған әртістерге ешқандай қарсылығы жоқ екенін алға тартты.

«Еліміздің мәдени өмірі қызып, көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Алматыдағы Димаш Құдайбергеннің концертінің өзі дүниені дүр сілкіндіріп, ине-шаншар орынсыз өтті. Алайда, астаналықтар дәл осы әншінің концертіне бармайтын шығарсыздар деген сенімдемін. Оның ұстанымын барлығыңыз білесіздер. Оны қатты жақсы көретіндер spotifay-ден тыңдап жүре беріңіздер», – деп жазды Алуа Қонарова әлеуметтік желіде.

Киркоровтың концерті 5 қарашаға жоспарланған. Құны 80 мың теңге.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 1
Забавно 5
Сочувствую 0
Возмутительно 6