пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

«Өте экономды қыз»: Тәуекел Мүслім әйелінің мәһрге не сұрағанын айтты

Танымал актер Тәуекел Мүслім «Оян» бағдарламасында жұбайы Махаббатқа қандай қымбат сыйлық тарту еткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/mussilim
Фото: instagram/mussilim

«Негізі жағдайым жақсарған сайын әшекей секілді сыйлықтар сыйлап тұрамын. Махаббат риза, бақытты. Екеуіміз неке қиғанда мәһрге әшекей-бұйым сұрады. Сол кезде ғана нақты қандай сыйлық қалайтынын айтқан болатын. Жалпы Махаббат – өте экономды қыз», – дейді Тәуекел Мүслім.

Актер болашақта бес баласы болғанын армандайтынын айтып қалды.

«Бала кезімде бес балам болса екен деп ойлайтынмын. Бірақ қазір екі баланың өзіне біраз уақыт, күш кететініне көзім жетті. Енді үш балам болса, соларды аяғына тұрғызып, жеткізіп алсақ, соның өзі бізге үлкен еңбек, жетістік», – деді актер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0