среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Жанар Айжанованың қызы өзіне тіл тигізген оқырманын боқтап тастады

Жанар Айжанованың қызы, әнші, актриса Айжұлдыз Адайбекова өзінің мінсіз емес екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айжұлдыз Адайбекова хейтерлерді орнына қойды.

«Мен сіздерге өзімнің жаман қырымды көрсетпеймін. Бұл да мидағы кедергілердің бірі. Сол сбепті қалай бар, солай айтамын. Иә, мен де боқтаймын. Мінсіз емеспін. Басқалар мен туралы не айтса да бәрібір, мен сондаймын. Мен өзімді қатты жақсы көремін. Өзімнің арман-мақсаттарыма сенемін. Мен – қайсар мінезді жанмын. Мені ашуландырсаңдар, біттім дей беріңдер. Мен хейтерлерді орнына қоймайды екенмін. Тым мейірімді адаммын. Мұны да түзеу керек. Қымбатты хейтерлер, сендерге түкіргенім бар», – деп жазды өнер иесі.

Айжұлдыз Адайбекова оқырманын өзін пәк қылып көрсетуден аулақ болуға шақырды.

«Өздеріңді мінсіз етіп көрсетпеңдер. Сендер періште емессіңдер. Өздеріңнің кемшіліктеріңді қабылдап үйреніңдер. Керемет сезім», – дейді Жанар Айжанованың қызы.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 6