Хит әндердің орындаушысы Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына ақылын айтты, деп хабарлайды el.kz.
Танымал продюсер ұлына разы екенін айтып, қарапайым қалпынан танбауға кеңес берді.
«Алма ағашы көптеп салған сайын иіледі. Халқың құрметтеген сайын иіл, ұлым! Осы қарапайымдылығыңнан, саған деген жүрегі махаббатқа толы халқың тұрғанда, сен биіксің, ұмытпа! Екі дүниеде де разымын, құлыным», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.