Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Абдукаримова екінші мәрте той көйлегін киді. «Ажырасқан», «қайта қосылған», «тағы ажырасып кетіпті» деп жұлдызды отбасының жеке өмірін сөз етіп жүрген желі қолданушылары бұл жолы таң-тамаша болды, деп хабарлады ernur.kz.
«Ел не дейді?», Жұрт не ойлайды?» ... енді мұндай сұрақтар мені мазаламайды. Шешім осылай болып тұр» деп жүре алмайды екенмін. Сахнада, эфирде, алдында жүргендіктен көрерменнің, оқырманның пікірімен санасу керек» деп пост салған Жұлдыз Абдукаримова жұртты ойландырып қойды.
Өнер иесі сонау 2007-жылы Қайрат Нұртаспен тұрмыс құрған сәтін есіне алды.
«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» дейді ғой, Алматыдағы әйгілі «Барахолка» базарына той көйлегін іздеп бардым. Ол жылдары 35-40 мың деген көп ақша еді. Әбден іздеп, көңіліме жағатынын таппай жүріп алдым. Бәрі бір-біріне ұқсайды, ұнамайды. Ең соңғы қатарға түсіп, шаршап, «осы жерден таппасам тіктірем» деп ойладым. Бір бутикке кіріп, бұрышта тығылып тұрған көйлекке көзім түсті. Өте әдемі екен, сол қатты ұнады. Етегі, кеудесі гүлмен көмкерілген, базар бойынша бір-ақ дана екен. Бағасы 40 мың екен, мен сатушыға «Алғаш рет тұрмыс құрып жатырмын, маған жеңілдік жасап беріңіздерші» деп өтіндім. Сатушы күліп, 35 мың теңгеге берді. Сол көйлек әлі күнге дейін бар. Араға жылдар салып қайта той көйлегін кию маған оңай болған жоқ», - деп жазды Қайрат Нұртастың әйелі.
Кейін белгілі болғандай, актриса той көйлегін гүл дүкенінің жарнамасы үшін киген. Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқыға түсті.
«Арғы жағынан Қайрат шыға келгенде күшті болар еді», «Түрі, көзі суық», «Көзінде бір мұң бар. Бақытты әйелдің көздері жанып тұрады. Сол үшін бәріне әйел бақытын тілеймін», «Шынымен де басқа біреуге тиіп кетсейші, Қайрат қадіріңді білмей жүр», «Төрт баласы бар әйел деп кім айтады, өте сұлу», «Бұл да енесі сияқты жарнаманы қатырады, соның топырағынан жаралған ғой. Тек екеуінің ұрысып қалғаны болмаса» деп жазды көпшілік.