пятница, 19 июля 2024 г.
icon
477.03
icon
521.44
icon
5.43
Алматы:
icon
25oC
Астана:
icon
20oC
1xadv
×

«Түнде тамағыма пышақ тақады»: Тұрсын Алагөзовтың экс-әйелі «отбасылық құпия» туралы жазды

Instagram желісінде Тұрсын Алагөзовтың экс-жұбайы Ляйсираның автобиографиялық кітабының үзіндісі пайда болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Фото: instagram.com/lyaisira_marat
Фото: instagram.com/lyaisira_marat

Кітапта автор ажырасуға өтініш берген кезін еске алған. Оның айтуынша, ол кезде ажырасуға Тұрсын Алагөзов дайын болмаған және келіспеген.

«Ажырасуға мен ғана дайын болдым! Бір күні түнде оның менің тамағыма пышақ тақап отырғанынан ояндым. Бір қолымен ол менің қолымды ұстап, ал пышақ ұстаған екінші қолы тамағымда тұрды. Көзқарасы өте қорқынышты болды. Сол сәтте мен оның мүлде басқа бейнесін көрдім.

Ол маған: «сен маған қазір ажыраспаймын деп уәде беруің керек. Әйтпесе, сені өлтіремін, содан кейін өзімді өлтіремін. Егер сіз ажыраспаймын деп уәде берсең, мен саған сенемін. Сенің өз сөзіңде тұратыныңды білемін деді», — деп жазған Ляйсира.

Автор әрі қарай уәде беруге мәжбүр болғанын жазған. Оның айтуынша, артынша Тұрсынғали оны ас үйге апарып, оны құшақтап, жылай бастаған.

«Ол біздің бірге болуға берген антымыз қанмен бекітілуі керек деді. Ол пышақты алып, алдымен менің саусақтарыма, одан кейін өзінің саусақтарына тіліп шықты. Тұрсынғали сол жерде маған қолхат берді! Қолхатта ол маған ешқашан қол жұмсамайтынын жазған. Қолхатқа біз қанды саусақтарымызды бекіттік.

Біздің қан арқылы бекіткен екінші антымыз осылай болды. Бұл антты бірінші рет біз үйленген кезде АХАЖ бөлімінде жасағанбыз. Ол уақытта біз мұны ешқандай эмоциясыз жасадық. Осылайша 6із 21 ғасырда қан арқылы бірге болуға серттестік», — деп жазды Ляйсира Марат.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 27
Забавно 14
Сочувствую 11
Возмутительно 37