пятница, 29 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-11oC
×

М.Қалмұратов: «Бейбітшілік пен келісімнің, қоғамдық тұрақтылық пен ұлт бірлігінің жылы болды»

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы – бейбітшілік пен келісімнің, қоғамдық тұрақтылық пен ұлт бірлігінің жылы.

Сондықтан да биыл өткізілген барлық шаралардың алға қойған негізгі міндеті – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық татулықты сақтаудағы қазақстандық үлгісін баршаға паш ету болып табылады», ― дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облыстық хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов. 

ҚХА ОҚО хатшылығы биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституция  жылын өткізу тұжырымдамасы, соның негізінде жасалған Ұлттық шаралар жоспарын негізге ала отырып жұмыс істеді. Жоғарыда аталған тұжырымдамада шараларды ұйымдастыруда әр қала, аудан мен елді мекендерге ерекше көңіл бөлініп,  барлық әлеуметтік топтарды тартылды. 

Достық жылы ресми ашылған соң Түркістанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазанды» Қ.А.Ясауи кесенесінің алдында ұлықтау рәсімі өтті. Шара «Тайказан - игілікті істердің символы» деп аталды.

Осы игі шаралардың бастауы – «Мейірім» қайырымдылық акциясы. Акция шеңберінде өңірдің қала, аудандарында құрылған Қоғамдық келісім кеңестері арқылы аймақтағы көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем көрсетілді.

ҚХА ОҚО хатшылығымеңгерушісінің айтуынша, «ҚХА – 20 ізгі іс» республикалық эстафетасы аясында биыл педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, облыс Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі А.Қалыбекованың «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» және «Қазақ халық педагогикасының теориялық негіздері» атты кітаптарын Орталықтың депозитарийіне тапсыру рәсімі өткен. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» да әр аймаққа  бірлікті нығайтудағы өз ерекшеліктерін өзгелермен бөлісуге мүмкіндік берген. Бұдан басқа, «Ассамблея – бірлікке жол» мега-жобасы облыстағы әр ұйым, мекемеде ұйымдастырылды», ― деп атап өтті М.Қалмұратов. 

«Биылғы мерейлі жылда біз дарынды жастардың өздерін әр қырынан танытуларына мүмкіндік ашу үшін облыстық ассамблеяның жанындағы балалар мен жастар ұйымдарының форумын ұйымдастырғалы отырмыз. Бұдан басқа, «Бірге өмір сүру» достық, тағаттылық пен отбасылық құндылықтар фестивалі, «Мен – қазақстандықпын!» жастар патриоттық фестивалі өткізілді. Ал, «Менің Отаным!» экскурсиясы барысында жастар өз өлкесіндегі шұрайлы жерлердің тарихымен және бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды», ― деп атап өтті ҚХА ОҚО хатшылығымеңгерушісі. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0