+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.11.2015 в 09:56

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Играй, гармонь!» фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Играй, гармонь!» фестивалі өтті. Байқауға облыстың қала, аудандарынан барлығы 25 үміткер қатысты.

«Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясында аталмыш институт қоғамдық келісімнің кепілі, бірліктің діңгегі, достықтың дәнекері болып отырғанын баяндап, тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласқанын атап көрсетті. Қазақстанды тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір ұлттар мен ұлыстар мекен етіп отыр. Олар көк Тудың астында бірігіп, туған жердің абыройын асқақтатқысы келеді. Мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет болуды мұрат тұтады», ― деді «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Ербол Байқонақов байқаудың ашылуында сөйлеген сөзінде.

«Киелі қазақ жерін мекен еткен халықтың көркеюі, этносаралық бейбітшілік пен келісім – біздің басты байлығымыз. Ол барша қазақстандықтардың ақыл-парасатымен, еркімен, қажырлы еңбегімен және сенімімен сақталып, еселенеді. Оңтүстікқазақстандықтар да барлық отандастары секілді күнделікті еңбектерімен, туған қаласын көркейтуге деген жігерімен еліміздің дамуы мен тұрақтылықтың сақталуына өз үлестерін қосуда. Қаламыздағы этномәдени орталықтардың мүддесі бір мақсатқа – ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға және дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған. Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымыздан еш шығармай, достық пен келісім арқылы ғана Қазақстанды биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз», ― деді байқауды ұйымдастырушы ОҚО славиян этномәдени орталығының тқрағасы Ю.Кирюхин.  

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Байболатов Асхат, бірінші орынды Алиханов Жахангир алса, екінші орын Серазетдинов Ильдарға, үшінші орын Визгалов Алексейге бұйырды. Сонымен қатар, ең жас орындаушы номинациясы бойынша Романдин , «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Моисеев, «Әртістік шеберлігі» номинациясы бойыншаҚұлмұханбетовтер марапатталды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика