четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы есеп берді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Байқонақов 2015 жылы мекеме тарапынан атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Аталмыш мекеме облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 264 қаулысымен құрылған.Қазіргі кезде мекеме 71 штаттық бірлікте жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, мекемеде 4 бөлім бар. Олар: этносарлық қатынастар саласының ахуалдық мониторингі және талдау бөлімі, ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірлемелер бөлімі, этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімі, қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі.

Е.Байқонақовтың мәлімдеуінше, бұлардан бөлек 5 аудан, қалаларда филиалдар жұмыс атқаруда. Оларға 15 штаттық бірлік бөлінген. Мекеменің және бөлімдердің, филиалдардың жартыжылдық жұмыс жоспарлары жасалып, бекітілген.

Қазіргі кезде мекемеге 3 ғимарат қарайды. Олар:  «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық ардагерлер кеңесі және бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры. 

«Қоғамдық келісім» КММ Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтың мәдениетін, тілін дамытуға қолай­лы жағдай жасау бағытында Қазақстан хал­қы­ның фестивальдерін, тілдер фести­валь­де­рін, басқа этностардың мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын бай­қау­ла­рын, тіл саясаты мәселелері бойынша ха­лықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар­лар, т.б. өткізіп келеді. Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетек­ші­лік ететін республикалық, ай­мақтық, қала­лық және аудандық этно­мә­де­ни бірлестіктер жұмыс істейді. Ұйғыр, әзір­байжан, өзбек, ко­рей, ингуш, неміс, чешен, поляк, т.б. этно­мәдени бірлестіктерінің жек­сенбілік мектептері бар», - деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Байқонақов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0