ОҚО ассамблея хатшылығы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылғалы бері облыстағы барлық қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып келеді.
Мәселен, мекеме Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Бұл – біздің таулар!» фестивалында «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіндегі шыңға (3535 м) «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылы» атауын беру іс-шарасының ұйымдастырылуына атсалысты.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Байқонақовбиыл атқарған жұмыстары бойынша есеп беру барысында осыны ерекше атап өтті.
Мекеменің баспасөз қызметі үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап қызмет атқарып келеді. Бүгінгі таңда, мекеменің облыстық ассамблея хатшылығымен бірлесіп өткізілген іс-шараларының барлығы дерлік бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерде үздіксіз жарияланып келеді.
Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімімен бірлесе отырып БАҚ-да этносаралық жағдайға байланысты жарияланған материалдарға тұрақты шолу жүргізіліп отырады. Мониторинг нәтижесінде, республикалық, облыстық және аудандық, қалалық баспа басылымдарында ассамблеяға қатысты 251 материал, телеарналардың ақпараттық топтамаларынан 92 сюжет,оtyrar.kz, inform.kz, mezgil-info, azattyk.org, zhebe.com, oinet.kz, qamshy.kz, rgmedia.kz, т.б. ақпараттық порталдарда 53 материал жарияланды. Бұдан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ресми сайттарында, facebook әлеуметтік желісінде мекеме тарапынан ұйымдастырылып өткізілген 30 іс-шара туралы ақпараттар жарияланды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған бес институционалды реформасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында қала, аудандарда құрамына ассамблея хатшылығының, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері мен этномәдени бірлестік төрағалары енгізілген ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы БАҚ-та кең көлемде жарияланды.
«Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – 100 – Ұлт жоспары нақты қадамның негізгі ережелерін тиімді іске асыру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы құрамында Түркістан, Шымкент қалалары мен Отырар, Бәйдібек, Созақ, Ордабасы аудандарында жүргізілген жұмыстарды БАҚ-да кеңінен жариялау жүзеге асырылды.