четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-13oC
×

Сауалнама нәтижесі облыстық Ассамблея хатшылығына жолданады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірлемелер бөлімі ел арасында жүргізілген сауалнама бойынша қорытынды-аналитикалық есеп дайындап, нәтижесін облыстық Ассамблея хатшылығына жолдап тұрады.

Бұл туралы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірлемелер бөлімінің есебінде баяндалған.

Мәселен, биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалар тұрғындары арасында жергілікті жерлердегі түрлі этностар өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты ой-пікірін зерделеуге арналған жоспардан тыс блиц-сауалнама жүргізіліп, барлығы 290 респондентке арналған зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу жұмыстары Шымкент, Түркістан (Жүйнек а/о), Кентау (Қарнақ а/о) қалаларымен Сайрам (Манкет а/о), Сарыағаш (Біртілек а/о), Мақтарал (А.Қалыбеков а/о), Төлеби (Сұлтан-рабат а/о) аудандарында жүзеге асырылды. Ауылдық округтерде ұйымдастырылып, арнайы SPSS бағдарламасына енгізіліп, пайыздық көрсеткіштері анықталды. Қорытынды-аналитикалық есебі дайындалып, қызметтік жазба ретінде облыстық Ассамблея хатшылығына жолданған.

Сонымен қатар, аталмыш бөлім мамандары «Облыстағы этносаралық қатынастар мәселесі» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, арнайы SPSS бағдарламасына енгізіліп, пайыздық көрсеткіштері анықталған. «Түрлі ұлт өкілдерінің патриоттық деңгейі» және «Қоғамдық-саяси жағдай және өзекті мәселелер» тақырыптарында сауалнамалар жүргізіліп, қорытынды-аналитикалық есебі дайындалып, нәтижесі ОҚО ҚХА хатшылығына жіберілген. 

Жалпы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірлемелер бөліміаудан, қалаларда жүргізілетін сауалнамалардың тақырыптары мен сұрақтарын дайындап, мекеме басшылығы оны бекітеді. Жүргізілген социологиялық сауалнамаларға ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірмелер бөлімінің эксперт социолог мамандары тартылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0