Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының басты бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді қоғамдық ортада кеңінен насихаттау.
Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облыстық хатшылығы тарапынан жасалған жоспарға сай өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілі білгірлерінің сайысы мен қазақ әндерін орындаушылардың музыкалық байқаулары өткізіліп тұрады. Атап өтерлігі, мұндай байқауларға қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді.
«Әсіресе, мемлекеттік тілді меңгеруге деген жастардың ықыласы жоғары. Жалпы, байқаулардың сол өскелең ұрпақ өкілдері мен сала мамандарын ынталандырудың таптырмас құралы екенін уақыттың өзі дәлелдеп беріп келеді. Сондықтан да, осы атаулы жылы біз «Ең үздік этномәдени орталық төрағасы», «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің ең үздік оқытушысы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы ОҚОхатшылығы жанындағы балалар мен жастар ұйымдарының ең үздік үйлестірушісі», ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған «Бақыт шаңырағы» және этносаралық татулық тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистер арасындағы шығармашылық байқауларын өткіздік», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы ОҚО хатшылығы меңгерушісі М.Халмұратов.
Оның мәлімдеуінше, облыстық ассамблея жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы мүшелерінің қолынан шыққан туындылар да мерекелік жылдың айшықтары мен оның басты ерекшеліктері жан-жақты көрініс тапқан. «Менің Отаным – Қазақстан!» облыстық поэзия мен авторлық әндер байқауының қатысушылары да әр тілде біздің егемен елімізді, ондағы бірлік пен берекені өз шығармаларына арқау етеді.
«Жалпы, биылғы жылға жоспарланған әр шараға жеке-жеке тоқталып, оның әрқайсысын атап өтуге болады. Алайда, біз ойға алған істеріміз бен көздеген мақсатымызға тек бірлесе, бар күш-жігерімізбен жұмылудың арқасында ғана қол жеткіздік. Ендеше, мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының барша мүшелерін, облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен «Қоғамдық келісім» атты Достық үйінің ұжымына бірлік пен береке жылын абыройлы етіп өткізуге атсалысқандары үшін алғысым шексіз», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы ОҚОхатшылығы меңгерушісі М.Қалмұратов.