суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Немересіне бауыр басқан астаналық әже келінін баладан бас тартуын сұрап отыр (ВИДЕО)

Немересін бағып отырған әжей келінін баласынан бас тартқанын қалайды. Себебі, жас әйелдің тұрмыс жағдайы төмен, бала бағатын қауқары мүлдем жоқ көрінеді. Оның үстіне өзі де балаға әбден бауыр басқан. Өз оқиғасын әжей тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының «Тікелей эфир» бағдарламасында айтып берді.

Әжейге келіні осыдан бір жыл бұрын 2 апталық шақалақ сәбиін «баға алмаймын» деп тастап кеткен екен. Алайда, арада жыл өткен соң қайта алуға талпынып жүрген көрінеді. Дегенмен, заңгерлерден көмек сұраған зейнеткер келінінің басында баспанасы, не тұрақты жұмысы жоқ екенін айтып отыр. Қолындағы екі ұлын да дұрыстап баға алмай отыр екен.

«Менің ойым, баласынан бас тартса деймін. Ертең бала балабақшаға, мектепке барады. Менің өзіме оның бәрін заңдастыру қиынға соғады... Мына баланы мен бір жыл бағып-қақтым. Ойнаса да, күлсе де, жыласа да жүрегіме жақын. Қырқынан шықпай жатып өзім бақтым, ауыртқан жоқпын. Жасым қаншаға жетеді, соған дейін қарасам деймін», ― дейді Астанада тұрып жатқан қарт әжей.

Ал, студиға қонаққа келген Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова болса ең бастысы сәби дұрыс тәрбие алып, қиындық көрмей өсуі керек дейді. Сондықтан, бұл істі медиаторлардың көмегімен, яғни сотқа жеткізбей шешу керек дейді сенатор.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0