четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Депутаттар ауыл тұрғындарымен жүздесті

Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мен жүзеге асыру мәселелері бойынша Орал өңіріне арнайы келген Сенат депутаттары Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев, Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатыров облыс аудандарында болып, тұрғындармен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Өткен аптада халық қалаулылары Теректі ауданы активімен жүздесіп, «100 нақты қадамға», соған сәйкес елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Ұлт жоспарына сәйкес Елбасы алға қойған мақсат-міндеттердің маңыздылығын, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру мен экономикалық  өсімге қол жеткізу, ел бірлігін нығайту мәселелерін халықпен бірлесіп жүзеге асыру қажеттілігін атап көрсетті. Сондай-ақ өңір жолдарының жай-күйі, кәсіпкерлікті дамыту, дін мен жер мәселелері әңгіме арқауына айналды.

Сенатор Ерболат Мұқаев өз сөзінде Елбасымыздың бастауымен тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде еліміздің  көптеген табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. «Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы да дүние жүзіндегі беделінің өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Ендігі міндет - елдің береке-бірлігін еселей отырып, әр саладағы жетістіктерді баянды түрде жалғастыру. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» бойынша ел болып, бірлесе жұмыстанып алға қарай адымдасақ, әлеуметтік-экономикалық жағдаймыздың одан әрі жақсара беретініне сенемін» деді ол. Рашид Ахметов пен Кеңес Абсатиров индустриялық-инновациялық дамудың «100 нақты қадамда» көрсетілген бөлімдері бойынша республикамызда орындалып жатқан іргелі істерге тоқталды. Елбасы жүктеп отырған міндеттердің маңыздылығын, жаңа экономикалық өсімге ерекше көңіл бөлу қажеттігін қадап  айтты.    

Өз кезегінде сөз алған Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев Елбасының бес институционалды реформасының аясында қолға алынған ауыл-аймақтағы жоба-жоспарларға тоқталып, республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне алғысын білдірді.

Келесі күні Қазталов ауданы активімен кездескен халық қалаулылары «100 нақты қадамға» байланысты ой-толғамдарымен бөлісті. Тұрғындардың нақты ұсыныс-пікірлері депутаттардың алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0